Kazakhstan

Ақтөбе облысында "Мотоцикл" деген рейд басталды

Акцияның екі күнінің нәтижесінде мотоциклдің қатысуымен жол ережесін бұзудың 90-нан астам фактісі анықталды.

Ағымдағы жылдың 05-08 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Мотоцикл" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Акцияның мақсаты – жол қозғалыс ережелерін бұзу фактісін анықтау, соның ішінде түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының алдын алу.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мотоцикл құралдарын қауіпсіз жүргізу және мотоцикл жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілеріне жол бермеу және олардың жолын кесу, оның ішінде рұқсат етілген шу нормаларынан асатын немесе пайдаланылған газдарды шығару жүйесіне енгізілген өзгерістермен елді мекендерде мотоциклдерді пайдалану үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылады.

"Ағымдағы жылдың 7 айында Ақтөбе облысында мотоциклдің қатысуымен 4 жол – көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тапты. Өткізілген акцияның екі күн нәтижесі бойынша патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері мотоциклдің қатысуымен ҚР Жол-қозғалыс ережесін бұзудың 90-нан астам фактісін анықтады, оның ішінде алкогольдік масаң күйде басқарудың 3 фактінің жолын кесті. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 5 мотоцикл жүргізушісі тартылды" - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.

Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына мотоциклді сатып ала отыра, иелері осы көлік құралын уәкілетті органда тіркеу қажет және көлікті тиісті санатты жүргізуге құқығы бар адам ғана басқара алады. Көлік жүргізу дағдыларын білмейтін, автомектептерде оқымаған балалар көлік басқара отыра, жол қозғалысының қатысушылары болады. Мотоцикл – бұл пассивті қорғаныс құралдары жоқ көлік құралы, ал ол жоғары жылдамдықты сипаттамаларға ие, сондықтан мотоциклді басқарудың қауіптілігі де бар.

Сол себептен, Ақтөбе облысының Полиция департаменті мотоцикл жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырады және мотоциклді басқарар кезде шлемді кию қажеттігін ескертеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Қате туралы хабарлау

Football news:

Barcelona announced Suarez's move to Atletico
Barcelona will receive 2 million euros for the transfer of Suarez in the seasons when Atletico reaches the 1/4 finals of the Champions League
Chelsea's newcomers came off in the League Cup: Havertz scored a hat-trick (the first of his career), Chilwell an assist, Silva played an hour
Manchester United will lose 139.39 million pounds if the Premier League season is held without spectators - the most in the League
Ruediger - Barcelona's priority transfer target
Arsenal have won 6 matches in a row
Inter midfielder vesino is In talks with Napoli. He was offered to Zenit