Kazakhstan

Есіктегі жарылыстың басынан аяғына дейін түсірілген видеосы желіде жарияланды

Екі кісі зардап шекті, біреуінің жағдайы ауыр.

Алматы облысы Есік қаласындағы жанармай құю бекеті жанындағы жарылыстың басынан аяғына дейін түсірілген видеосы желіде жарияланды. Видеоны оқиға куәгерлері түсірген, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_issyk парақшасында жарияланды.

Видеода жол талғамайтын көліктің жанармай құю станциясы жанындағы газ резервуарына барып соғылғаны, одан кейін Alem Oil жанармай құю станциясының жанындағы ДСУ аумағында жарылыс болғандығы көрсетілген. Екі көлік толығымен жанып кетті.

- Бүгін - 6 тамызда Алматы облысы, Есік қаласында жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Газды резервуарға (4 текше метр) Land Cruiser Prado автокөлігінің соқтығысуы салдарынан резервуар жарылып, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado маркалы екі автокөлік отқа оранды, сондай-ақ 0,07 гектар аумақтағы құрғақ шөптер (700 шаршы метр) өртенді. Өртті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сағат 10.52 уақытында сөндірді, деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Термикалық күйікпен Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, оның денесінің 90% күйік шалған, І-дәрежелі термикалық күйік деп бағаланды, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шегуші - 1990 жылғы жанар-жағармай құю стансасының операторы, кеудесіне зақым келген, алғашқы медициналық көмектен соң ол үйіне босатылды.

Жанар-жағармай стансасына іргелес көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге зақым келген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Football news:

Maccabi entered the Champions League without 11 players due to covid. UEFA allows you to play if there are 13 players from the application
Ole Gunnar Solskjaer: De Gea saved us for years, Henderson did the same today. Lingard played well
The semed said goodbye to Barcelona: Thank you for the opportunity to realize the dream. Eternally grateful
Juve have leased Morata from Atletico for 10 million euros with the right to buy out for 45 million
Barcelona and Atletico have agreed a move for Suarez (Fabrizio Romano)
At the 1950 world Cup, Amateurs from the United States beat England. The coach of the Americans compared their players to sheep, and the author of the winning goal went missing
Dan Henderson made his debut for Manchester United at the age of 23. He made 141 appearances on loan