Kazakhstan

Kaspi - банктер рейтингінде №1

Сонымен қатар, Кaspi Bank депозиттердің өсім деңгейі бойынша бірінші орынға ие болды.

Kaspi Bank Forbes Kazakhstan іскерлік журналы мен Baker Tilly Qazaqstan Advisory халықаралық консалтингтік компаниясы дайындаған қазақстандық банктер рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi Bank өз активтерін және инвестициялық активтерді тиімді және кіріс әкелетіндей пайдаланып, сондай-ақ кірістің өсуінің өте жақсы динамикасын көрсетіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 73%-ға өсті.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе:

«Kaspi Bank және қаржылық тауарлар – біздің экожүйеміздің маңызды бөлігі. Біз қаржылық қызмет көрсетуден бастадық. Бірақ қазіргі кезде Kaspi.kz банктен де ауқымды. Біздің экожүйемізге қаржы қызметімен бірге еліміздегі ірі электрондық коммерция платформасы мен төлем карталарының жүйесі де кіреді. Біздің сервистеріміз танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасына біріктірілген және Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер мен онлайн сатып зат сатып алу дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Қаржылық қорытындының жақсы болуы – біздің командамыздың жұмысының нәтижесі, инновацияға, ағымдағы сервистерді дамытуға және жаңасын жасауға одан әрі инвестиция салуға жағдай туғызады. Әр клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!».

2019 жылы ҚР банк секторында Кaspi Bank активтері (ROA) – 9%, капиталы (ROЕ) – 77% ең жоғары тиімділік көрсетті.

Сонымен қатар, Кaspi Bank депозиттердің өсім деңгейі бойынша бірінші орынға ие болды. Бір жылдағы салым 405,6 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ рейтингтің алғашқы үштігіне Halyk Bank пен Жинақ банкі де кірген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Қате туралы хабарлау

Football news:

Pioli on Zlatan's failure to score against Parma: He was angry with himself. On the field, he turns into a lion
Manchester City have agreed a contract with Ferran Torres. He is seen as a replacement for Sane
Mourinho on Tottenham: We will fight until the end to reach the Europa League
Dzeko scored 15 goals in Serie A with his head. Over the past 5 years, only Pavoletti and Zapata have more
Sarri on 3:3 with Sassuolo: there Were moments of passivity that are difficult to explain
Arteta about 2:1 with Liverpool: the Gap between the teams is huge for today
Jurgen Klopp: Arsenal didn't have any real chances. We played brilliantly, but two episodes killed the game