Kazakhstan
This article was added by the user . TheWorldNews is not responsible for the content of the platform.

Дипломдық жұмыс: Оқушыларға туристік — экологиялық жарыс уйрету

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ

1.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы

1.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін

тереңдетудегі рөлі

2 ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ, ЖАҢАЖОЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ; ӨТКІЗІЛГЕН ТУРИСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАРЫС

2.1. Жаңажол орта мектебінде саяхат — жарыс өткізуді ұйымдастыру шаралары

2.2.»Табиғат —  ортақ үйіміз» атты  туристік  жарыс бағдарламасы

2.3.»Табиғат  —  ортақ  үйіміз»  атты  тақырыбында өткізілген   

туристік — экологиялық жарыс

2.4. Жас табиғатшылар үйірмесі

3  ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

3.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері

3.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс орындалатын жұмыстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАНЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды  үнемді пайдалану.   Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білімберудің ғылыми негіздері талқыланды.

Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, «адам -табиғат» жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.

Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бұлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.

Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы экологиялық проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема — оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру.

Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы — мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық білмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу — қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат — оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз — оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм,  топырақ,  жер  қыртысы  экологиясы,  химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер енгізілуіне басты назар аударуылуда.

Оқушыларды экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқолық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.

Диплом  жұмысының  тағы  бір  негізгі  мақсаты оқушыларды туризмге, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлемін бақылап, төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп,  қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін сабақ — туристік жарыстың әдістемесін иновациялық  әдістемелелерін  жаңартып  мақсаты  мен  мазмұнын  тереңдету.

Жұмыстың мақсаты:

Туристік жарыс бағадарламасы бойыншач әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру. Жарыс барысында қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу, оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер орындалады:

1.Әдебиеттерге  ізденіс,  шолу,  талдау  жасап  тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау;

2.»Табиғат — ортақ үйіміз» атты туристік жарыс бағдарламасын жасау;

3.Осы бағдарламаны  жарыс  өтетін  мектеп  басшыларына таныстырып, олардан рұқсат алу;

  1. Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу;
  2. Туристік жарыс өткізілетін жерді таңдап алу;
  3. Оқушыларды жарысқа  апару  үшін  олармен  алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу;

Туристік жарыс өткізу;

1 ТАРАУ. ТУРИЗИ – ТАБИҒАТТЫ ТАНУ

        1.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы

Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады.

Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.

Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады.

Атақты орыс жазушысы А.М.Горький отан тануды туризмнің рекреациялық түріне жатқызды. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы — Отанды танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес.

Туризм — демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз — қоғамның игілігі болып табылады. /10/Оны өзің үшін және қоғам  үшін  ұқыпты  пайдалану  керек.  Автомобильдің  гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.

Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:

Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсенді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.

Туризмнің өзі — қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек.

Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

Туризм — француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм — адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.

Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділі, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1 Рекреациялық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы керек:

А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

Ә) қызығушылық іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

Б) «этникалық» және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);

  1. Діни туризм.

Туризмнің бұл түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:

А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,

Б) әулие жерлерге бару;

  1. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

4.Конгресті туризм.

Ол   түрлі   шараларға,   оның   ішінде   конференцияларға, симпозиумдарға,  съездерге,  конгрестерге  және  т.б.  қатысу мақстындағы   туристік   сапарлар   қатысуға /12/  байланысты ұйымдастырылады.

Туризмнің осы түрінің интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкөледі.

  1. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.

Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

  1. Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.

Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.

  1. Іскерлік мақсаттағы туризм.

Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

8.Танымдық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.

  1. Спорттық туризм.

Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.

Активті  спорт  туризміне  спорттық  белгілі  түрімөн  айналысу қажеттілігі,  ал  пассивті  туризмге — белгілі  бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

  1. Емдеу медицина туризмі.

Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі  жатыр.  Емдеу  туризмі  адам  организміне  табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.

Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.

  1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
  2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан /15/ бастап дамыды. Теміржол  билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып тұрады.
  3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960  -1980  жылға  дөйіннің  өзінде  туризмде қолданылатын әуе жолы транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.
  4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары — өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.

Круизді және туристік — экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.

  1. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс құралы ретінде    пайдалану    арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және «денсаулық автобусы» деп аталатын  — серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).
  2. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.
  3. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.

Саяхаттың ұзақтығына  байланысты  туризм:  ұзақ  және  қысқа мерзімді,  саяхаттау ұзақтығына байланысты  маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. Топ құрамы бойынша: /8/

  1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
  2. Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста, шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.
  3. Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен  саяхаттайтын  тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.
  4. Жастар (студенттік) туризмі.
  5. Балалар туризмі. Жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әртүрлі елдер арасындағы туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Балалар және жастар саяхатына туристік қызмет көрсету бағаларына біршама жеңілдіктер бар.

1.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін

тереңдетудегі рөлі

Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырлыған сыныптан тыс кешенді жұмыстарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін аттырады, табиғатқа жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Мен өз жұмысымда оқушыларға экологиялық білім берудегі орындалатын сыныптан тыс жұмыстарға туристік жарысты жатқыздым. Туристік жарыс — ол оқушыларды табиғатқа саяхат жасату барысында екі топқа бөліп жарыстыру. Жарыс ұйымдастыру үшін нақты жоспар құрылады. Жоспарға мыналар кіреді:

  • Әдебиеттерге ізденіс жасап, көректі мәліметтерді іріктеп алу.
  • Туристік жарысқа ат қойып оның бағдарламасын жасау.
  • Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу.
  • Жарыс өтілетін жерімен танысып, картасын жасау.
  • Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.
  • Туристік жарыс өткізу.

Табиғат жайындағы ұғымдарды тек оқулықтағы тақырыпты ауызша оқыту арқылы жоғары нәтижеге жете алмаймыз. /11/ Ол үшін пәндегі оқылатын әрбір тақырып оқушылардың жарыс кезінде өзін қоршаған табиғатта байқағандарымен, өмір тәжірибелерімен, табиғи материалдарды қолға ұстап көріп, иісін сезіп, даусын естіп оларды қорғау арқылы табиғатқа жауапкершілік сезімімен ұштастыруға мүмкіндік туады. Табиғатқа саяхатқа шығып жарысу арқылы осы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

2 ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ, ЖАҢАЖОЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ; ӨТКІЗІЛГЕН ТУРИСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАРЫС

2.1. Жаңажол орта мектебінде саяхат — жарыс өткізуді

                       ұйымдастыру шаралары

Туристік жарыстың аты «Табиғат — ортақ үйіміз». Жарыс мына бағдарлама бойынша өткізіледі.

І.пункт. Таныстыру.

Топ атын, ұранын айту.

II   пункт. Арқа қоржын жинау.

Шашылып жатқан заттарды арқа қоржынға ретімен, ұқыппен жинау.

III пункт. Картография. Топографиялық шартты белгілерді көрсету.

VІ -пункт. Метеорология

Ауа райын білдіретін шартты белгілерді көрсету. Халық болжамдарынан мысалдар келтіру, сөзөрім шешу.

V -пункт. Ботаника.

өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі ролі, өсімдік құрылысы, кебеюі, өсу және даму кезеңдеріне жарықтың, жылудың әсері туралы сұрақтарға жауап беру. Астық тұқымдас және майлы, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіндіру өсімдіктер жайында мақал -мәтөл айту.

VІ -пункт. Геометрия.

Өлшеу құралынсыз заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеу.

VІІ-пункт. Гидрология.

Арнайы құралдардың көмегінсіз өзеннің жылдамдығын анықтау, тереңдігін өлшеу, ағысы өзеннен өту.

VІІІ-пункт. Орнитология.

Бес экологиялық топқа жататын құстарды табу. Жыртқыш құстардың, суға жүзетін құстардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін құстардың өсімдіктер және жануарлар әлеміндегі ролін, адам өміріндегі маңызын айту. Төңіректегі ағаштар арасынан құс ұяларын табу. Құстардың аттары жасырылған жұмбақсуретті шешу, сұрақтарға жауап беру.

ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Компас арқылы өздері тұрған нүкте мен кез-келген объект арасындағы бұрышты, компассыз оңтүстік және солтүстікті анықтау.

Х-пункт. Зоология.

Қарапайым жәндіктер мен көп жасушалы жануарлардың өкілдерін қай типке, қай класқа жататынын анықтау. Топырақ арасынан және су астынан жәндіктер тауып, олардың адам өміріндегі маңызын айту. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың пайдасы мен зияны туралы, жануарлар дүниесін қорғау туралы әңгімелеу.

ХІ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау тәсілдерін үйрену.

XII- пункт. Этнография.

Табиғат туралы, оны аялай білу туралы мақал — мәтелдер айту.

XIII — пункт. Ас адамның — арқауы

Ас пісіру. Барлық пункттердің бағаларының қорытындыларын шығару.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол орта мектеп директоры бағдарламамен танысып рұқсатқағаз бергеннен кейін сол мектептің 10 «Б» сынып оқушыларын жарысқа іріктеп алынды. Сынып жетекшісі сыныпқа жиналыс жасады. Жиналыста жарыс бағадарламсы оқушыларға таныстырылды. Олар екі топқа бөлініп, топ басшысын сайлады. Сөйтіп екі топ «Жер-ана» «Атамекен » топтары дайындалуға кірісті.

Сол жердің топографиялық картасы жасалынды. Картада жарыс пункттері белгіленді.

Оқушылармен сабақтан тыс кездерде бірге жұмыстар жасалынып тұрды. Оларға туризмнің адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, саяхатқа шығарда, олар қандай талаптарға сай болуы керектігі меңгертілді.

  • Әрбір турист саяхатқа шығатын арқа қоржынды дұрыс жинай алу керек.
  • Топографиялық шартты белгілерді, ауа-райын білідіретін шартты белгілерді анықтап алу керек.
  • Заттың ұзындығын, биіктігін,  ара-қашықтықты  өлшеу құралынсыз өлшей алуы керек. өлшеуіш құрал әр кезде табыла бермейді.
  • Судың жылдамдығын арнайы құралдардың көмегінсіз анықтай алуы керек.
  • Компас арқылы және компассыз оңтүстік және солтүстікті ажырата білуі керек.
  • Сақтық шаралары үшін қолданылатын арқан байлау тәсілдөрін білу керек.
  • Әртүрлі әдістерді қолданып от жаға отырып, ас пісіре білу керек.

Осындай мәселелер оқушыларға үнемі үйретіліп отырды және аң мен құстардың, өсімдіктердің пайда зияны, адам өміріндегі ролі, оларды қорғау туралы мәліметтер жинау тапсырылды. Жарысқа дайындалу барысында осы уақытқа дейін оқыған білімдері қайта жаңғыртылды. Әр пунктке тағайындалған төрешілерге жарыс жоспары түсіндірілді./4,20,24/

             2.2.»Табиғат —  ортақ үйіміз» атты  туристік  жарыс  

                                  бағдарламасы

Жарыс он үш пунктен тұрады. Әр пунктке бір төрешіден тағайындалады. Төреші қызметін сол мектептің пән мұғалімдері және студенттер атқара алады. Жарыс басталар пунк (старт) және басқа пункттерде тұрған төрешілер әр топқа баға беріп отырады. Алғаш бір топ жүріп кетсе, екінші топ 20 минуттан соң артынан жүрөді. Соңғы пунктте екі топ оқушылары және төрешілер жиналып екі топтың қорытынды бағаларын шығарады.

І-пункт. Таныстыру.

Оқушылар қаз -қатар екі топқа бөлініп тұрады. Әр топтың топ басшысы өз топтарының атын атайды. Әр топ оқушылары аты -жөні жазылған парақ қағазды төрешіге ұсынады. Әр топ басшысыыың қолында бір-бір қойын дәптер болады. Сол дәптерге төреші баға қояды. Жарыс басталатын пунктте тасталған жеребе бойынша бірінші топ әрі қарай екінші пунктке жүгіріп кетеді.

ІІ-пункт. Арқа қоржын жинау.

Жорық кезінде арқа қоржынның дұрыс жиналғаны абзал. Заттар дұрыс салынса қоржынды арқаға көтеріп жүру өте ыңғайлы болады. Танымал турист — альпинист Виталий Абалаков,Әлімқұлова. Р,Ердавлетов.С.Р, ойлап шығарғандықтан арқа қоржынды «абалаковтық» деп атайды. Ол барлық кезде алып жүруге ыңғайлы. Арқа қоржын қалың, су өтпейтін кенеттен, қатты, үзілмейтін жіптен тігіліп, жан-жағына су өтпейтін қалталар жапсырылады.

Әрбір турист жеңіл әрі ыңғайлы киімдерін, саяхат керөкті құрал-жабдықтарды іріктеп арқа қоржынға салып жүреді. Жаяу жорық кезінде мынадай киімдер мен заттарды алған жөн.

Киім-кешектер: спорт киімі, жылы жейде, іш киімдер, шұлық, жылы бас киім, орамал, қолғап (жыл мезгіліне байланысты) т.б.

Ыдыстар: қасық, бәкі, шыныаяқ, табақ, ожау, миска, т.б. шыныаяқтың пластикадан жасалғанын алған дұрыс, ол жеңіл, алюминий шыныаяқ секілді тез ысып кетпейді, сынып қалмайды, әрі сырлы шыныаяқ секілді сықырламайды, тез жуылады. Мисканың алюминийден жасалғаны, шұңқыр болғаны ыңғайлы. Себебі ол тамақ пісіруге қолданылады.

Әжетхана заттары: сабын, тіс пастасы мен щеткасы, айна, тарақ, крем т.б. бұлардан басқа көрпе, саңылаусыз қорапқа салынған сіріңке, фотоаппарат, компас, сағат, қойын дәптер, қаламсап т.б. заттарды алып шығу керек.

Бұл пунктте осы заттарды арқа қоржынға оқушылардың қалай орналастырғандарына қарап баға беріледі.

ІІІ-пункт. Картография.

Әрбір турист өзінің саяхатқа шығатын жерінен хабары болуы керек: ол жер тау ма, орман ба, әлде далалы алқап па? Туристік карталар көмекші рөлін атқарады. Жаяу жорыққа топографиялық карталарды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Онда жергілікті жердің рельефі, өзендер, көлдер, таулар т.б. нақты белгіленіп көрсетіледі. Кез-келген картаның негізгі элементі шартты белгілер болып табылады.

Картаның бояуына қарап қай табиғат зонасы екенін білуге болады, көгілдір түс — өзен, көл, теңізді, ашық және қошқыл қоңыр түс тауларды, жасыл түс шалғындық жерлерді, ормандарды білдіреді.

Бұл пункте келгеннен соң оқушылар тақтадағы шартты топографиялық белгілерді көрсетіп, қандай жердің белгісін білдіретін айтады. Онда шалғындық жерлердің, жеміс бақтарының, өзенннің, ағаштардың, бұлақтың, топырақ жолдың, асфальт жолдың, көпірдің, үңгірдің т.б. шартты белгілері көрсөтілген.

ІV-пункт. Метеорология.

Оқушылардың табиғатқа шығып жарысуы үшін жақсы ауа-райы болғаны қажет. Ауа-райы жақсы болса адамның көңіл-күйі қызығушылығы да жоғары болады.

Бұл пунктте атмосфералық құбылысты білдіретін шартты белгілерді оқушылардың қаншалықты жақсы білетіндіктері тексеріледі. Атмосфералық құбылыстарға жататын қардың, ашық ауа-райы, бұршақ, қырау, найзағайдың, бұлтты ауа-райының, сіркіреуік жаңбырдың, шық, көктайғақ, тұманның шартты белгілерінің ретінен қай белгі қандай ауа-райын білдіретін оқушылар табуы керек. Содан кейін олар халық болжамдарынан мысалдар келтіреді. Қай топ мысал көп айтса сол топ жоғары бағаланады. Сосын оқушылар сөзөрім шешеді. Қазақтың аспан әлемі мен табиғат құбылыстары

туралы мақал-мәтелдеріндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып торкөздерді толтырады. Ерекше торкөздерден қаңтар және наурыз сөздерін оқуға болады.

V-пункт. Ботаника.

Жер бетінің өсімдіктер жамылғысы өте мол. Дүние жүзінде олардың 500 мыңдай аспанмен таласатын пальмалармен қатар тек микроскоп арқылы ғана көрінетін бір клеткалы балдырлар мен саңырауқұлақтар да бар. Сол 500 мың өсімдіктің 220 мыңдайы суда өседі. Ал қолдан өсірліген мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңнан асады.

Қазақстан территориясында 6 мыңға жуық өсімдік өседі. Мұның 760- ы те біздің республикамызда ғана ұшырасатын эндемик өсімдіктер. Республикамызда өсетін өсімдік түрлері де әр қилы және мол болып келеді. Бұлар табиғаттың бізге тартқан сыйы, жеріміздің ырысы, өліміздің байлығы.

Адамзат тіршілігі үшін өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ адамдар өсімдіктерді жинап, жеміс-жидектерін азыққа, ал жапырақ, сабақ, тамырларын дәрі дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселер бояуға пайдаланып келген. Бертін келе өсімдіктердің ішіндегі бастыларын адам қолға өсіретін етіп алды. Бұл күндері біз өсімдіктерде көптеген азықтық қорлар, әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз, құрылыс матөриалын даярлаймыз.

Адам өмірі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. «Химиялық жасыл лаборатория» аталынатын өсімдіктер дүниесі болмаса ауада оттегі де болмас еді. Өсімдіктер біздің досымыз, тіршілігімізге тірек, өмірімізгі нәр, күнделікті тұрмысымызға көрік, кисек-киім, ішсек-тамақ, жатсақ-төсек, жазсақ қағаз.

Бұл пунктте оқушыларға жасыл өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, өсімдіктердің құрылысы, көбеюі, өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне жарықтың, жылудың әсері туралы сұрақтарға жауап беріп, астық тұқымдас және майлы өсімдіктердің, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіндіреді. Әр топ өздері білетін өсімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айтып жарысады.

VІ-пункт . Геометрия.

Туристік саяхат кезінде ара-қашықтықты белгілі бір зат өлшемін арнаулы құралдың көмегінсіз өлшеу өте қажет. Адам өзін қоршаған ортадағы заттардың өлшемін, қашықтықты көз мөлшермөн өлшеуге бейім келеді. Әр адамда болатын бұл қабілетті үздіксіз жаттығу арқылы дамытуға болады.

Ара қашықтықты анықтаудың әр түрлі жолдары бар.

  1. Туристік жорықта арақашықтықты Лионде пластинкасымен анықтау қолайлы. Пластинканы белгілі бір объектіге бағыттайды. Пластинка мен адам көзінің арасы 10 см болуы тиіс. Лионде пластинкасында сандар жазылған. Объект қай санға сәйкес келсе арасындағы ара қашықтық сонша метр болады.
  2. Бір заттың биіктігін сол заттың көлеңкесі арқылы анықтауға болады. Мысалы, ағаш биіктігін анықтау үшін көлнңкенің ұшына адамның басы дәл келетіндей етіп адам жатады. Адамның аяғына тақап көлеңкеге перпендикуляр бір таяқ қояды. Адамның көзіне таяқ пен ағаштың ұшы тең көрінуі керек.
  3. Өлшеуші мен өзеннің арғы жағындағы зат арасын спорттық бас киімінің күнқағары арқылы да анықтауғы болады. Ол үшін күнқағар жиегі мен сол заттың тұрған орнын көзбен бір нүктеге келтіру керек. Содан соң 90°-қа бұрылып өзеннің бергі бетіндегі бір нүктеге келтіреді, сосын сол зат пен адам ара — қашықтығын қадаммен өлшеу арқылы ара-қашықтығын табады.

Ара-қашықтықты өлшеуіш үлгілері арқылы да анықтауға болады. Өлшеуіш үлгілері қызметін кез-келген адамның дене бөліктері атқара алады.

1.Ересек адамның сұқ саусағының ұзындыы 10 см. Оны өлшеу үшін саусақты алақанға тік бұрыш жасайтындай етіп бүгеміз. Егер саусақ 10 см-ден қысқа болса, онда оның ұзындығын есте сақтау керек, жорық кезінде бұл өте қажет болады.

  1. Алақанды бос жазған кездегі бас бармақ пен шынашақ арасы 20см.
  2. Адам қолын көтеріп, саусақтарын артқа қарай бүксе, иіктігі 2 метр болады.
  3. Жерден адам бөліне дейінгі биіктік 1 метр.
  4. Қолы екі  жаққа  жайылған  кездегі  саусақтарының арасындағы қашықтық адам бойының ұзындығына сәйкес келеді.
  5. Әрбір адам өзінің қадамының ұзындығын мына формула арқылы өлшеуге болады.

Р/4+37=Lқ

Мұндағы,  Р-адам бойының ұзындығы; 

    4 және 37 — тұрақты сандар;

Lқ — қадам ұзындығы;

Мысалы, Бойы 120 с адамның қадам ұзындығы мынаған тең болады.

120/4+37= 30+37=67см.

Бұл пунктте оқушылар өлшеу құрамынсыз-ақ кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеуді үйренеді.

VІІІ-пункт. Гидрология.

Су — табиғаттың ғажайып байлығы және табиғи ресурстарының ең мол да бағалы түрі. Академик Ферсман: «Су — жердегі ең маңызды минерал, онсыз тірщілік жоқ»,- деп жазған болатын.

Өмір дегеніміз — су. Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын қызметі ұлан — ғайыр, әрі сан алуан. Су айналамыздағы барлық заттың құрамында бар және олардың негізін құрайды. Табиғаттағы судың құрамын ауыстыратын зат жоқ, оның құндылығы осында.

Жер шарында қанша су бар? Өте көп деп жауап беруге болады. Жердің тек 1/3 бөлігі ғана құрлықтан тұрады, ал қалғаны — су. Сондықтан планетамызды «жер» дегеннен гөрі «су» деп атаса да болғандай.

Судың жер қабығы мен атмосферадағы мөлшері 1,5 млрд. текше. км-ге жуық. Егер осы суды жер бетіне біртегіс етіп жайсақ жер бетінде 3700 метрлік су қабығы пайда болар еді. Осыншама су көп бе, аз ба? ТМД (тәуелсіз мемлекттер достастығы) көлемінде 46 әркелкі өзендер жүйесі бар. Жалпы өзендер ұзындығы 200 мың км -ден асады. Бірақ бұл өзендер ТМД-да біркелкі таралмаған. Қазақстан су ресурстары екінші орынды алып жатыр. Қазақстанда терең де таяз, ағысы жылдам және ағысы баяу өзендер бар. Бұл пунктте оқушылар арнайы құралдың көмегінсіз өзеннің жылдамдығын анықтайды, тереңдігін өлшейді жіне ағысы қатты өзеннен қалай өту керектігін үйренеді.

VІІІ-бөлімше. Орнитология.

Құстар бауырымен жорғалаушылардан триас дәурінде шыққан. Ұзақ дамудың нәтижесінде ағашта жүрген түрлерінің жазықта қозғалу әдісіне көшуіне, одан ұшуға әкеліп соқты ұшуға бейімделуі құстадың құрылысына және олардың тіршілігіне өз белгілерін қалдырды.

Құстардың кейбір құрылыс белгілері (артқы аяқтарының мүйіз қабықшалары), сондай-ақ физиологиялық ерекшеліктөрі бауырымен жорғалаушыларға ұқсас. Олардан айырмашылығы — денелері қауырсынмен қапталған. Қауырсындар дененің жылулығын сақтайды. Көздерінің өткірлігі құстардың алыс жақынға тез бейімделуін қамтамасыз етеді, бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстарға жоғарғы дәрежедегі жүйке жұмысын және күржелірек мінөз-құлықтарын қамтамасыз етеді: ұя салу, қор жинау және т.б. Қазақстанда 18 тобырға жататын 488 құс түрі бар. Олардың ішінде ұя салатындары 388 (79,5%). 14 түрі Қазақстанға қыстауға келеді, ал 47 түрі /19/ республикамыздың кеңістігінен ұшып өтеді. 35 түрі оқтын-оқтын елімізге келіп тұрады.

Қазақстанда мекендейтін құстардың бес экологиялық топқа бөлуге болды.

  1. Ашық жерлер мен су маңында мекендейтін құстар.
  2. Мекен жайды төңіректейтін құстар.
  3. Суда жүзетін құстар.
  4. Жыртқыш құстар.
  5. Орман құстары

Бұл пунктте оқушылар осы бес экологиялық топқа қай құстар жататынын табады.  Жыртқыш  құстардың, суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысындағы ерекшелігін, құстардың өсімдіктер әлеміндегі, жануарлар тіршілігіндегі рөлін түсіндіріп, эстетикалық тәрбие берудегі, адам өміріндегі маңызын айтады. Содан кейін төңіректегі ағаштар арасынан құстардың салған ұяларын тауып қай құстың ұясы екенін анықтайды. Құстардың аттары жапсырылған жұмбақ сурет шешеді, сұрақтарға жауап береді.

ІХ-бөлімше. Айналаны бағдарлау.

Белгісіз жерлерде жөн табуда топографиялық бағдарлау өте маңызды мағынаға ие. Жергілікті жерді бағадарлау компас арқылы іске асырылады. Қалыпты жағдайда кез-келген компастың магнит тілінің ұштары солтүстік және оңтүстікке қарай бағытталып тұрады. Бұл пунктте оқушылар компас арқылы өздері тұрған нүкте мен кез-келген объект арасындағы нүктені табады. Компассыз оңтүстік және солтүстікті анықтайды.

Х-пункт. Зоология.

Адам баласына жануаралар туралы мәліметтер ертеден белгілі. Грецияның ұлы ойшылы Аристотельден басталады. Ол белгілі жануарларды екі топқа бөлөді: қаны бар жануарлар, қансыз жануарлар. Алғашқы топқа жоғары дәрежедегі жануарларды: жабайы аңдар, құстар, балықтарды жатқызса, екінші топқа жәндіктерді, жұмсақ денелілерді және төменгі сатыдағы жануарларды жатқызды. Швед жаратылыстану зерттеушісі К.Линней жануарларды 6 класқа бөлді: сүтқоректілер, қүстар, жыланшаяндар, балықтар буынаяқтылар, құрттар. Жануарлардың барлығы жасушадан құралған, ол дененің негізгі бөлігі болып табылады. Қарапайымдар тек бір ғана жасушадан түратын жәндіктер, қалған жануарлардың барлығының құрылысы күрделі, әрі көп жасушадан тұрады. Бұл пунктте оқушылар қарапайым жәндіктер мен көп жасушалы жануарлардың өкілдерін қай типке, қай класқа жататынын анықтайды. Топырақта және суда тіршілік ететін ағзаларды тауып олардың адам өміріндегі маңызын айтады. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың пайдасы мен зияны туралы, жанурлар дүниесін қорғау туралы әңгімелейді.

ХІ-пункт. Арқан байлау.

Арқан (жіп) байлауды таудан, өзөндерден өткенде т.б. жағдайларда сақтық шаралары ретінде қолданады. Сақтық шараларын жіп байлаудың көптеген тәсілдерін қолдана отырып жүргізуге болады. Жіп байлау бірнеше тәсілдерге бөлінеді.

Тура түйін. Мұндай түйінді екі жіпті жалғау үшін қолданады. Суға түскенде түйін шешілместей олып қалады. Оңай шөшілуі үшін екі арқанды қосқан жерге таяқ кіргізіп қою керек.

Өткізіп байлау. Бұл тәсілді жартастан — жартасқа өткенде немесе өткелден жоқ судан өткенде қолданады.

Буындырып байлау. Бұл түйінді ағашқа, тасқа байлау үшін қолданады. Жеңіл әрі берік байланады.

Айқастырып байлау. Бұл түйінді ұзын арқанға айқастырып байлайды. Сақтану үшін қолданады.

Үзеңгі байлау. Жарақаттанушыны екі аяғын екі үзеңгіге салып жартастан, құздан, жардан түсіру үшін қолданатын тәсіл.

Тоқыма байлау. Зақымданған екі жіпті байлау үшін қолданылады.

Көкірекке байлау. Туризм кезінде бұл тәсіл кең қолданылады. Ағашқа, тасқа және адамды түрлі жағдайлардан құтқарған кезде көкірекке байланады.Бұл пунктте оқушылар арқан байлау тәсілдерін үйренеді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Табиғат қорғауға тәрбиелеуде халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар — табиғатты қорғау дәстүрі оған сену сыйыну ырымдары, жан -жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдет-ғұрыптар т.б. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіретін мақал-мәтелдер өте көп. «Өнер алды қызыл

тіл» деп, әдемі аталы сөзді құрметтейміз. Мұнымыз — даналықтың, ақыл — парасаттың алдында бас иуміз. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді борыш санайды.

Мақал-мәтелдер халықтық педагогиканың өң бір інжу-маржаны боларлық мұра. Бұлардың адмгершілік тәрбиесіне ықпалы зор өйткені мақал мәтелдер жан-жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді, баланың жаңа ұғымдарды біліп, ойының дамуына, санасынң қалыптасуына ықпал жасайды. Отанынан, халқына, табиғатына сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде мақал — мәтелдердің алатын орны зор. Баланың өмір тәжібиесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл — насихат әрі әсөрлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек.

Бұл пунктте оқушылар өздерінің өмір тәжірибөсінде естіп білген жер, су әлөмнің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын мақал — мәтелдерді айтады. Қай топ мақал — мәтелді көп айтса сол топқа жоғары баға беріледі.

ХІІІ-пункт. Ас — адамның арқауы.

Жорық кезінде, саяхат кезіндө әрбір адамның дене шаршауы байқалады. /1/ Мұндай кезде ағзасы майлармен, көмірсулармен, ақуыздармен, дәрумендермен толықтыратын кенеулі және сапалы азықты қажет етеді. Сондықтан тағам дайындау мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Тағамның сапалығына, тұрып қалмауына көбірек көңіл бөлу керек.

Жорыққа шыққанда қандай азық — түлік алып шығу көректігіне тоқталайық.

Нан. Жорыққа қара нан алып шыққан абзал және оны үш күннөн кейін жеуге болмайды. Мұндай кезде нанның орнын кептірілген нанмен алмастыруға болады.

Жарма. Туристік жорыққа қарақұмық және сұлы жармасып алып шығуға болады. өйткені олар өте құнарлы жармалар болып табылады. Сонымен қатар күріш және ұнтақ жармасын да алып шыққан дұрыс. Жорық кезінде асбұршақ жармасын қолданып ас әзірлеген жақсы. Асбұршақ құрамындағы ақуыз мөлшері еттікінен кем емес. Асбұршақ кенеулі заттарға бай келеді.

Ет. Етті негізінен бұқтырма түрінде алып шығу керек. Сиыр етінен жасалған бұқтырманы қолданған жөн. Саяхат кезінде балықты және балықтан жасалған бұқтырманы міндетті түрде алып шығу керек. Біріншіден, балық бұқтырмалары дайын тамақ. Екіншіден, балық құрамында майдың мөлшері аз(10%). Ал үшіншіден балық бұқтырмасының құнарлығын ет алмастыра алмайды және ағзаға екі есе жеңіл сіңіріледі.

Сүт. Саяхатқа шыққанда қоютылған және құрғақ сүтті жиі пайдаланады.

Май. Күнбағыс майын жорық кезінде қолданан дұрыс.

Қант. Саяхат кезінде шекер пайдалану керек.

Бал. Бағалы азық түлік. Оны түнде жеген дұрыс. Көкөністер. Жазғы және күзгі саяхат кезінде оларды табу қиындық келтірмейді.

Шай, кофе, какаоны метал қорапта тасымалдаған жөн. Таңертең нөгізінен какаоны, түсте — кофені, кешке — шайды ішкен жақсы. Саяха кезінде жеміс киселін міндетті түрде салып шығу керек.

Бұл пунктте әр топ өздерімен бірге алып шыққан азық — түлікпен ас әзірлейді. Табиғатта жеген ас қандай дәмді сіңімді десеңізші!

Ас дайындау үшін әрине от жағу керек.

От жағудың бірнеше әдістері бар.

  1. Құдық тәрізді жағу. Бұл әдісті ашық күнде қолданады. Жауын-шашын бұлай жаққан отты тез сөндіреді.
  2. Конус тәрізді жағу. Бұл әдісті тамақ пісіргенде немесе шай қайнатқанда қолданған жөн.
  3. Жұлдыз тәрізді жағу. Бұл әдіс те тамақ пісіргенде

қолданылады.

  1. Айқастырып жағу. Жаңбырлы күнде тамақ пісіргенде. қолданатын ең.қолайлы әдіс.
  2. Үш бөрене. Бұл әдісті жылыну үшін түнде қолданған жөн. Оқушылардың пісірген тамақтарының дәміне, сапасына қазған ошақтары мен жаққан оттарының барлығына баға беріледі. /2,14 /

        2.3.»Табиғат  —  ортақ  үйіміз»  атты  тақырыбында өткізілген    

                                 туристік — экологиялық жарыс

Жарыстың мақсаты: Өз туған өлкесінің табиғатына саяхат жасатып, тамашалау барысында оқушылардың экологиялық білімдерін одан әрі жетілдіріп, табиғатты қорғауға, аялауға, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелөу.

Жарыстың барысы:

1)   Ұйымдастыру кезеңі. Жарыс басталатын пунктке келіп, оқушылар төрешілермен танысты. Бас төреші жеребе тастады. «Атамекен» тобы бірінші болып жарысқа аттанатын болды. Жарыс сағат 10:10минутта басталды.

2) «Табиғат — ортақ үйіміз» атты туристік — экологиялық жарыс. І-пункт. Таныстыру.

Екі топтың басшылары топтың атын атап, кейін топ өздерінң ұранын айтты. Топ басшылары топ құрамы жазылған парақпен белгісін төрешіге әкеліп берді.

ІІ-пункт. Арқа қоржын жинау.

Бұл пунктке келгеннен соң оқушылар шашылып жатқан заттарды арқа қоржынға ретімен салды.

Атамекен тобы  арқа қоржынды мынадай ретпен жинады: көрпе ішіне табақты орап салды. Киім-кешекті бүктеп арасына туалет бұйымдарын орады. Сағат пен компасты арқа қоржын қалтасына салды. Шыны аяқты арқа қоржынға салды. Бұл топқа төреші 5 деген  баға қойды.

Жер-ана тобы мынадай ретпен жинады. Көрпе ішіне табақты фотоаппаратты салды. Сағат пен компасты киімдердің арасына жинады. Әжетхана бұйымдарын арқа қоржын қалтасына салды.

Шыныаяқты, қасықты арқа қоржынның ішіне салды. Бұл топқа төреші 3 деген баға қойды.

ІІІ-пункт. Картография.

Оқушылар бұл пунктке келген соң тақтадағы топография шартты белгілердің қандай жерлер (ормандар, шалғындар. Бұлақ, көпір, жол, жемісті бау-бақша, төбелер, электр желісі екендігін анықтады.

Атамекен тобы 30 белгіні анықтады.

Төреші бұл топқа 4 деген баға қойды.

Жер-ана тобы 35 белгіні таба білді. Төреші бұл топқа 5 деген баға қойды.

ІV -пункт. Метеорология.

Бұл  пунктте  оқушылар  атмосфералық  құбылыстарды  табады.

Шартты белгілер мынадай : қар, ашық күн, бұршақ, қырау, найзағай, бұлтты күн, сіркіреуік жаңбыр, шық, көктайғақ, туман.

Атамекен тобы белгілердің барлығын тапты.

Жер-ана тобы 10 белгінің 8-ін дұрыс тапты.

Төреші мынадай тапсырма берді. Халық арасында айтылып жүрген ауа-райы туралы  болжамдардан  мысалдар  келтіру.  Мысалдың көптігіне байланысты бағаланады.

Атамекен тобының мысалдары: 1) егер жаңа туған ай шалқалап туса, ол айда ауа-райы малға жайсыз, ал жаңа ай тік туса, ауа-райы жайлы болады.

2)  Жауын құрты жер бетіне шыса жаңбыр жауады.

3) торғайлар топталық, қайта-қайта ұшып-қонып бүрісіп, сілкілене берсе, күн суытады.

4) Бақа кешке көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.

5) егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа-райы жақсы болады.

6)  Егер күн қызарып батса, онда ертеңіне ауа-райы ашық болады.

7) жаңбыр жұма күні жауса, онда ұзаққа созылады. Атамекен тобы 7 мысал айтты. Жер ана тобының мысалдары:

1)    қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

2)    Балықтар су бетіне шаршып шығып, ойнай бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

3)    Мысық керіліп, ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт ауа-райы жайлы болады.

4)  Ай туғанда шалқайып туса, онда өзіне жайлы, шаруаға жайсыз. Ал тік туса, онда өзіне жайсыз шаруаға жайлы.

5)  Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылайын дегені, ал бұлт шетінен бұзылса, ауа-райы оңалуға бет алғаны.

6)   Жаңбыр жауғанда көлшік судың бетінде көпіршіктер пайда болса, ұзаққа созылады.

Жер-ана тобы 6 мысал айтты.

V -пункт. Ботаника.

Бұл пунктте екі топ оқушылары төреші қойған сұрақтарға жауап берді.

Атамекен тобына мынадай сұрақтар қойылды:

Табиғаттағы жасыл өсімдіктердің рөлі:

Жауап:

Әр тірі ағза өмір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі — күн. Тірі ағзаның кезкелгені күн энергиясын пайдалана алмайды. Ал жасыл өсімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті. Органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер СО, сіңіріп, ауаның О2 мен қаматмасыз етеді. Тас көмір, шымтезектер бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған заттар.

Өсімдіктөрдің құрылысы:

өсімдіктің  әр  түрлі  қызмет  атқаратын  мүшелері  тамырларға, сабақтарға,  жапырақтарға  бөлінеді.  Жапырақ,  сабақ,  тамыр, вегатативті мүшелерге, ал гүл, жеміс пен тұқым көбею мүшелеріне жатады. Тамыр арқылы сабаққа, жапыраққа, гүлге, жеміске су, суда еріген заттар және жапырақта түзілген. Органикалық зат ерітінділері өсімдік бойына тарайды. Сабақ буындардан тұрады, одан бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс өседі.

Астық тұқымдас өсімдіктер және олардың маңызы.

Бидай. «Ас атасы нан» демекші бидайдан тартып, нан пісіреді. Кебегін пайдаланады.

Арпа. Арпадан жоғарлы сапалы сыра ашытылады. Жармасын малға береді.

Сұлы сұлыдан жарма, ботқа дайындайды. Сұлы дәні – малдың құнарлы жемісі.

Жолжелкен өсімдігін тауып, тамыр формасын, жапырақ жүйкеленуін анықтап, өсімдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жолжелкен көпжылдық өсімдік. Тамыры шашақ тамырлы, жапырақ жүйкеленуі паралель  орналасқан.  Жапырағын,  тамырын,  дәрі  ретінде пайдаланады. Негізгі өсетін жері — жол жиегі. Қан тоқтатуға, іріңді жараның жарылуын тездетуге қолданады.

Адыраспанның емдік қасиеті. Адыраспан улы дәріге жатады. Жүйке ауруына, сал ауруына шалдыққанда қолданылады. Сүйек сырқырап ауырғанда жапырақтармен булайды. Өкпе туберкулезіне, демікпе, ентікпе т.б. өкпе ауруларына ем.

Жерана тобына мынадай сүрақтар қойылды:

Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі.

Жауап: Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор, олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктерден азық — түлік (астық, қант, өсімдік майы т.б.) алынады, мал азығы, әртүрлі дәрумендер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіреледі. өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түрлері бар. Өсімдіктердің көбеюі.

Өсімдіктер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею бір клеткалы, көп клеткалы өсімдікте кездеседі. Жыныссыз көбеюдің бөліну, бүршіктену, вегатативті көбею түрлері болады. Вегатативті көбеюге телу, қалемшелер арқылы жатады. Жынысты көбею жолында жаңа ағза әдетте, аналық және аталық жыныс ағзаларының бастамалары (гаметалардың) қосылуымен жүзеге асады.

Майлы өсімдіктердің және олардың маңызы.

Күнбағыс. Күнбағыстың майлы сорттарында 50-52%дейін май болады. Ол маргарин, әр түрлі бояулар, сабын жасау салаларында қолданылады.

Мақта. Мақта шитінен май алынады. Мақсары дәнінде 25%-ке дейін май болады. Бұлардан басқа зығыр, зәйтүн, сәбізден май алынады. Шайқурай өсімдігін тауып, оның морфологиясын, адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Шайқурай жапырағы сопақша, гүлдері сыпырғы, кейде қалқанша гүл шоғырын құрайды. Шайқурай 99 ауруға ем дейді. Тыныс жолдары қабынғанда, аяқ қол сырқырағанда, бауыр өкпе, бүйрек, ауырғанда ем ретінде қолданады.

Өгейшөптің емдік қасиеті. Тамырын, жапырағын пайдаланады. Жапырағы тер шығарады.  /8,6/ Қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ісіктерді емдейді.

Төреші тапсырма берді. Әр топ өздері білетін есімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айту. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ жоғары ұпай алады. Атамекен тобының мақал-мәтелдері.

1  Алтын — күміс тас екен, арпа — бидай ас екен.

2   Тікен гүлін қорғайды, балқурай бүрін қорғайды.

3    Баласыз ана — гүлсіз алма.

4    Бетегеден биік, жусаннан аласа.

5    Ердің ұялғаны — өлгені.

6   Түйенің сүйген асы жантақ, тиіннің сүйген асы жаңғақ.

7    Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді.

8    Қоға гүлге бітеді, көк жантақ шөлге бітеді.

9  Ала көркі — мал, өзен көркі — тал.

Төреші 4 деген бағасын Атамекен тобына қойды. Жер — ана тобының мақал — мәтелдері.

  1. Арша өскен жерінде, адамзат өскен елінде.
  2. Арпасыз ат жүрмейді.
  3. Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.
  4. Жетімге жеті бидай да тамақ.
  5. Көлден кетсе жалбыз мұң, елден кетсе жалғыз мұң.
  6. Жақсы адам — елдің көркі, жауқазын гүл жердің көркі.
  7. күріш арқасында күрмек су ішеді.
  8. Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер.
  9. Тары жеген тарықпас.

10.Түйе атасы — нар, ағаш атасы — шынар.

  1. Өзен талмен көрікті, өріс малмен көрікті.

Жер — ана тобына 5 деген баға қойылды.

VІ -пункт. Геометрия.

Геометрия пунктіне келгеннен соң оқушылар өздерінен қашық тұрған жердегі ағаш немесе тас т.б. заттардың ара қашықтығын өлшеді. Бұл кезде олар туризм кезінде қолданатын амалдарды пайдаланды.

Атамекен тобына төреші мынадай тапсырма берді.

Біз мына өткелі жоқ суға бөрене тастап, ары қарай өтуіміз керек бірақ өзен ені неше метр екенін білмейміз, соны табуымыз керек.

Оқушылар дереу өздерінің спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп өзен енін тапты. Ені жуықтап алғанда 4,5 метр болады екен,

Жер ана тобына мынадай тапсырма берді.

Өзеннің арғы бетінде тұрған бақа терек пен мына біз тұрған жердегі тас арасының қашықтығын табу керек. Жер -ана тобының оқушылары да спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп ағаш пен тас арсындағы қашықтықты тапты. Арасы жуықтап алғанда 8 метр болды.

VІІ-пункт. Гидрология.

Оқушылар өзен маңына келеді. Төреші тапсырма береді. 1-тапсырма. Судың жылдамдығын анықтау.

Екі топ та судың жылдамдығын анықтады. Ол үшін су жиегінен 10 метр өлшеп алды. Кейіннен 1 оқушы суға жапырақ жерді 50 секундта жүріп өтті. 10м/50сек = 0,2м/сек.

2-тапсырма. Ағысы қатты судан өту.

Екі топ та судан еш қиындықсыз өтті. Судан өткенде олар бір-бірінің мойнынан құшақтап, шеңбер жасап айналып өтті.

3-тапсырма. Судың тереңдігін өлшеу.

Атамекен тобы ұзын ағаш тауып әкеліп, оған жіп байлады. Жіптің ұшына тас байлап өзенге тасты батырды. Жіптің су болған жерін өлшеді – 60 см. 

Жер — ана тобынан бір оқушы шығып шалбарының балағын түріп, суға түсті. Судың тереңдігін аяғының су болған жері арқылы анықтады.

Төреші екі топқа да 5 деген баға қойды.

VІІІ-пункт. Орнитология.

Төреші жанындағы тақташада 5 экологиялық топқа жататын құстардың суреттері араластырылып қойылған. Әр экологиялық құстарды өз орындарына тез арада орналастыру керек.

1.Мекен-жайды төңіректейтін құстар: бәбісек, сауысқан, қарлығаш.

2.Ашық жерлер мөн су маңында мекендейтін құстар: дуадақ, түйеқұс, тырна.

  1. Суда жүзетін құстар: бірқазан, аққу, пингвин.
  2. Орман құстары: тауыс, құр, тоқылдақ.
  3. Жыртқыш құстары: хатшықұс, бүркіт, жапалақ. Атамекен тобы құстардың  экологиялық  топтарын  3  минутта құрастырды. 2 құстың орнынан шатасты.

Жер -ана тобы 3 минут 5 секундта құрастырды. 3 құсты қате орналастырды.

Төреші мынадай сұрақтар қойды.

Жыртқыш құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Тұмсық үстінде балсірі болады, тұмсығы өтө имек мықты болып келеді. Аяғы онша ұзын емес, ұшында өткір тырнақтары бар.

Құстардың өсімдіктер әлеміндегі рөлі.

Құстар арқылы өсімдіктердің тұқым мен ұрықтары таралады. Олар тұмсығымен шоқып басқа жерге апарып тастайды. Сол жерден өсімдік өсіп шығады. Құстардың саңғырығын өсімдіктерге тыңайтқыш есебінде пайдаланады, себебі құрамында азот көп. Ал азот өсімдіктің өсуіне өте қажет элементтің бірі.

Суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Денелері  жұмыр,  мамығы  құйымшақ  безі  жақсы  дамыған, саусақтарының арасында керілген терілі жарғақтары болады.

Құстардың жануарлар тіршілігіндегі рөлі.

Құстар, оның ішінде жыртқыш құстар өлекселерді жейді және ауру таратушы ұсақ кемірушілермен, егістік жауы шегіртке, құрт-қүмырсқапармен қоректенеді. Орман құстары ағаш діңіндегі бунақденелілерді жеп, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Төреші мынадай тапсырма берді. Осы төңіректегі ағаштардың басынан құстың ұясын тауып, ол қандай құстың ұясы екенін анықтау.

Атамекен тобы бұл тапсырманы былай орындады. Төңіректегі ағаштың басынан торғайдың ұясын тапты.

Жер -ана тобы да өз кезегінде осы ұяны тапты. Сонымен бірге тағы бір ұя -құрқылтайдың ұясын тапты.

Төреші жанында жұмбақ сурет тұрады. Жұмбақ суреттің әр бөлігінде дөңгелекшелермен қоса суреттер берілген әр бөлікте қай құстардың аты жасырылғанын табу керек.

Жұмбақсуреттің шешуі: 1-қарға, 2-үйрек, 3-тауық, 4-жапалақ, 5-күйкентай, 6-қызғыш, 7-сауысқан, 8-ителгі, 9-бірқазан, 10-нанду, 11-әупілдек, 12-оқпан, 13-түйеқұс, 14-тоты, 15-бөктөргі;

Атамекен тобы 15 құстың 12-сін дұрыс тапты.

Жер ана тобы 10-н дұрыс тапты.

ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Бұл пунктке келгеннен соң, төреші мынадай сұрақ қойды. Компас деген не?

Компас деп — тұстарды (солтүстік, оңтүсік) көрсететін аспапты айтамыз. Компастың магнитті тілшесінің бір жағы солтүстікті, екі жағы оңтүстікті көрсетеді. Азимут деген не?

Азимут — меридиан жазықтығы мен белгілі бір жақтың тік жазықтығының бұрышы. Егер компас арқылы солтүстік тұсты тауып айналадағы кез-келген бір затты алсақ, арасындағы бұрыш азимут деп аталады.

Компассыз, тұстарды қалай анықтауға болады?

  • Күн енді шығып келе жатқанда күнге бет қаратып тұрсақ, сол қол жағымсыз солтүстікті, оң қол жағымсыз оңтүстікті көрсөтеді.
  • Жеке өсіп тұрған ағаштың бұтақтары көп жағы оңтүстік, аз жағы солтүстікті көрсетеді.
  • Кесілген ағаштың діңінің сақиналарын солтүстікте жіңішке, оңтүстікте жуан болады.
  • Көптеген жануарлардың інінің аузы оңтүстікке қарап тұрады. Атмекен тобы сұрақтарға жауап беріп, 5 деген бағаға ие болды. Жер -ана тобы толық жауап бермей, 4 деген бағаға ие болды.

Х-пункт. Зоология.

Бұл пунктке келгенде оқушыларға мынадай тапсырма берілді. Жануарлар әлемін жіктеу, яғни бір жасушалы жәндіктер мен көпжасушалы жануарларға кіретін типтердің өкілдері қай класқа жататынын анықтау.

Бір жасушалы жәндіктерге қарапайымдар типі кіреді. Бұл типтің үш класы бар:

  1. Жалғанаяқтылар класы, өкілі -амеба;
  2. Талшықтылар класы, өкілі — эвглена;
  3. Кірпекшелілер класы, өкілі — инфузория;

Көпжасушалы жануарларды құрайтын типтер мен кластар, өкілдер мыналар.

Ішекқуыстылар типі, өкілі — гидра;

Жалпақ қүрттар типі:

  1. Кірпекшелі құрттар класы, өкілі — ақ сұлама;
  2. Сарғыш құрттар класы, өкілі — бауырсорғыш;
  3. Таспа құрттар класы, өкілі — сиыр цепені;

Жұмыр құрттар типі, өкілі — ішексорғы; Буылтық құрттар типі;

  1. Сирекқылтанды құрттар класы, өкілі — шұбалшаң;
  2. Көпқылтанды құрттар класы, өкілі — құмқазар; Былқылдақ денелілер типі:
  3. Бауыраяқтылар класы, өкілі — үлкен таспаұлу;
  4. Қосжақтаулылар класы, өкілі — айқұлақ; Буынаяқтылар типі:
  5. Шаянтәрізділер класы, өкілі — өзен шаяны;
  6. Өрмекшітәрізділер класы, өкілі — өрмекші;
  7. Бунақденелілер класы, өкілі — көбелек; Желілер типі:
  8. Сүйекті балықтар класы, өкілі — құрбақа;
  9. Қосмекенділер класы, өкілі — құрбақа;
  10. Жорғалаушылар класы, өкілі — сұр кесіртке;
  11. Құстар класы, өкілі — аққу;
  12. Сүтқорктілер класы, өкілі — арыстан;

Атамекен тобы жануарларды өте тиянақты қатесіз жіктеді. Әр типке жататын өкілдерді дұрыс орналастырды. Әр өкіл қай класқа жататынын дәлме-дәл анықтар берді.

Жер- ана  тобы  жануарларды  жіктегенде  қателік  жіберді.

Былқылдақденелілер мен буынаяқтылар типі өкілдерін шатастырып алды. Құмқазардың көп қылтанды құрттар класына жататынын таба алмады.

Екі топқа да мынадай тапсырма беріледі. Атамекен тобына – топырақ арасынан, Жер — ана тобына — су астынан бір жәндік тауып, оның класқа  жататынын,  тіршілік  ортасы  мен  сыртқы  құрылысына сипаттама беру және табиғаттағы маңызын айту.

Атамекен тобы топырақ арасынан шұбалшаңды тапты. Шұбалшаң топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілк етеді. Денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше қысқа қылтандары болады. Сол қылтандары арқылы қозғалады. Шұбалшаң топырақ арасына ін қазып, топырақты ауамен қамтамасыз етеді. Ол топырақты жапырақ қалдықтарымен қоса жейді де, сыртқа шыққан топырақ құнарланады.

Атамекен тобы 5 деген баға алды.

Жер ана тобы су астынан сүлікті алды. Сүлік су астында, суы тартылып қалған тоқтау суларда тіршілік етеді. Денесінің бір жағы жалпақ денесінде өте ұсақ бүртіктер болады, денесінің екі жағында да сорғыштары бар. Сол сорғыштары арқылы адымдап, қозғалады.

Сүлікті медицинада қолданады. Сүлік жақтарымен тістеген кезде ауыздан гирудин деген сілекей бөлінеді. Гирудин қанды ұйытпай, сұйылтатын зат.

Жер — ана тобы 3 деген баға алды.

ХІХ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау пунктіне келен соң, оқушылар арқан (жіп) байлаудың көптеген  түрлерін  пайдаланып  сақтандыру  шараларын  қалай жүргізуге болатынын үйрөнді.

І-топ арқан байлаудың көптеген түрлерін біледі екен:

1.Тура түйін. Екі жіпті жалғау арқылы түйіндерді шешілместей етіп байлады.

  1. Өткізіп байлау тәсілін тасқа байлап көрсетті.
  2. Буындырып байлауды ағашқа байлап көрсетті.
  3. Айқастырып байлаудың 2 түрі бар екенін айтып байлап көрсетті.
  4. Үзөңгі байлауды I  топ  қалай  байлану  ережесін  айта алмады.бүдан соң, I топ оқушылары тоқыма байлау, көкірекке байлау тәсілдерін көрсетіп қандай жағдайларда қолданатынын айтты.

Төреші I топқа 4 деген баға бөрді.

ІІ-топ та І-топтан қалыспады. Олардың байлаған жіптерінің түрлері мынадай:

  1. Бұл топ та тура түйін байлап көрсетті. Бұлар тура түйіннің көптеген түрлерін байлады.
  2. ІІ-топ та өткізіп байлауды жартасқа байлап көрсетті.
  3. Буындырып байлауды жақсы байлап көрсете алмады.
  4. Айқастырып байлаудың 2 түрін де жақсы байлап көрсетті.
  5. Үзеңгі байлауды қалай  байлайтынын,  жарақаттанушыны жардан төмен түсіру үшін байланатынын айтып, бір оқушыны байлап көрсетті.

II — топ оқушылары бұл тәсілдерден басқа қазық шалу тәсілін байлап көрсетті.

II- топқа салыстырмалы түрде 5 деген баға берді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Оқушылар ашық алаңқайға келді. Мынадай тақарапқа мақал — мәтелдер айту керек.

  1. Жер туралы.
  2. Су туралы.
  3. Жасыл — желек туралы.
  4. Аң мен құс туралы.
  5. Жалпы табиғат туралы.
  6. Табиғатты қорғау, күту туралы.

Осы жазылған тақырыптардың барлығына топ оқушылары мақал- мәтел айтты. Қай топ көп мақал-мәтел айтса сол топқа жоғары баға қойылады.

Атамекен тобының мақал-мәтелдері:

Жері байдың елі бай; Жер байлықтың көзі; Су бар жерде өмір бар; Су — дүниенің басы; Сулы жер — нулы жер; Жер — әке, су қамқоршы ана; Бұлақты жер — тұрақты жер;  Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын; Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу; Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті; Көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң-елдің дәулеті; Аққу, қазсыз — көл жөтім; Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас; Табиғат —   адамның алтын бесігі; Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ; Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең -басына тал ек; Күте білсең жер жомарт; Бір тал ағаш өсірсең, еңбегіңнің жанғаны, абзал адам өсірсең, басыңа бақ қонғаны; Атамекен тобы 18 мақал -мәтел айтып, 4 деген баға алды.

Жер -ана тобының мақал — мәтелдері:

Жер ырыстың кіндігі; Жаман — әйел ер қадірін білмес, жаман адам —    жер қадірін білмес; Су — тіршілік тірегі; Су анасы — бұлақ; Су ішкен құдығыңа түкірме; Су — ырыстың көзі; Еңбек — кірістің көзі; Жер — қазына су алтын; Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт адамның сөзі сұйық; Бір тал кессең, он тал ек; Дана көркі — шал, өзен көркі -тал; Ер — елдің көркі, орман — тоғай жердің көркі; Үш іс тындырған адам бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді; Қаз ұшып кетсе — көлді үйрек жағалар; Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу; Топырағым түгілі, жапырағымды сатпаймын; Қара жерге не ексең соны орасың, табиғаттан алсаң қарыз боласың; Таза ауа ас емес, астан бірақ пәс емес; Жылап жүріп арық қазсаң, күліп жүріп су ішерсің; Қара жер қарыз арқаламайды; Ғұмыр жасыңды ұзартқың келсе — ағаш ек; Адамгершіліктің үш сауабы — шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен;

Жер -ана тобы жарысу барысында 23 мақал -мәтелдер айтып, өздеріне 5 деген бағаны алды.

ХІV -пункт. Ас адамның арқауы.

Бұл соңғы пункт . Бұл пунктте екі топта ашық алаңға жиналып өздері алып келген азық -түліктен ас әзірлеуге кірісті. Төреші екі топқа да тапсырма берді.

  1. Тапсырма. Ошақ қазып қазан орнату.
  2. Тапсырма. Ас пісіру жолдары .

Оқышылар осы тапсырмаларды орындады.Тамақтанып болған соң, төрешілөр екі топтың да дайындаған тағамдарына өте жақсы деген баға берді.

  1. Жарысты қорытындылау .

Шешуші кезең келіп жетті.төрешілер жиналып жарыс қорытындысын шығарды.Топ басшыларының қолындағы әр пункттегі төрешілер қойған бағаларды есептеді .Атамекен тобы 61 ұпай жинап жеңіске ие болды. Жөр — ана тобы 59 ұпай жинады. Жарыс 1430 сағат аяқталды /17/.

                  2.4. Жас табиғатшылар үйірмесі

Географиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің негізгі мақсаты — оқушылардың пәнгө қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.

Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.

Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы үйірмелер болады:

  • 6-7 сыныптарда «жас ботаниктер» үйірмесі.
  • 7-8 сыныптарда «жас физиолог» үйірмесі.
  • 10-11 сыныптарда «жас георафия» үйірмесі.

Бұлардың барлығы «жас табиғатшылар» үйірмесі деп аталады. Барлық топтағы үйірмелердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы, көпшілік іс-шаралар мен пайдалы жұмыстар жүргізген кезде жеңілдік туғызады.

Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады. Үйірме жұмыстарын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.

Үйірмедегі әрбір оқушының жеке жұмысын, ұжымдық, көпшілік жұмыстармен сәйкестендіру, оқушылардың көпшілік сезімін дамытады. Орта буын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үйірме жұмысының алуан түрлі болуын, оқушылардың қызғушылығын дамытып, шығармашылықтарын көтеретіндей болуын көздеу керек.

Үйірме жұмыстары қатысатын оқушылар саны 15-20-дан жоғары болмауы көрек. Одан асса екінші топ ұйымдастырған жөн. Үйірме жұмысы аптасына 1 рет немесе айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстары жалпы тақырыпты қамтиды, әдебиеттермен танысу, эксперимент жұмыстары жекеше және ұжымдық жұмыстар жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қамтып орындалады.

Өсімдіктану пәнінен үйірме жұмыстарында мына тақырыптар бойынша жұмыс жүгізуге болады: «Орман байлықтары» (қазан айы), «Терезе алдындағы бақ» (қараша, желтоқсан айлары), «Жасыл құрылыс» (наурыз, сәуір, мамыр), «Мәдени өсімдіктер» (қыркүйек, қазан), «Көзге көрінбейтін тасадағы әлем» (желтоқсан, қаңтар).

Жануар пәнінен: «Бір тамшы судағы тіршілік», «Ауру жануралар», «Теңіз түбіндегі тіршілік», «Тоғандағы тіршілік», «Қауіпті бауырымен жорғалаушылар», «Жойылған ғажаптар», «Қанатты достарды қорғау», «Біздің құстар», «Тамаша зоология жаңалықтары» «Жануарлардың мінез-қылықтарын басқару құпиясы» тақырыптарын қарастырамыз.

Тәнтану пәнінен үйірме жұмыстарында қарастырылатын тақырыптар: «Адам денсаулығы және өмірі үшін күрес» (Қан құю, жүрекке жасалатын ота, иммунитет туралы, мүшелерді алмастыру, ағзаны тірілту, эмбриондарды тасымалдау т.б.). «Адам миының құпиялары» (ұйқы және гипноз, инстинкт және сана, тежелу процесінің адам және жануар тіршілігі үшін маңызы), «Ғылымның даму тарихы» (Ұлы физиолог ғалымдар И.М.Сөчөнов, И.П.Павлов т.б.)

Тіршіліктану пәнінен үйірме жұмыстарының жоспарында жоғарғы сынып оқушыларының дүниеге көзқарасын, ғылымға, табиғатқа, қоғамға қарым-қатынастары мен көзқарастарын тәрбиелейтін тақырыптарды біріктіру керек. Мысалы, «Жер және адамның өткендегі дәуіріне саяхат», «Табиғат зерттеуші — үлы ғалымдар», «Тірі жасушаның тіршілігі», «Мендель заңдары», «Табиғаттағы қоректік тізбек», «Биология және келешек», «Космостық биология», «Биосфераны қорғау», «Дүниежүзілік мұхиттарды зерттеу».

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ішінде танымжорықтық (экскурсия) өзіндік орны бар.

Танымжорық ол орыс тілінде «экскурсия», латынша «excurcion» (сапар, серуен) ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылған ұжымдық сапар және жорық.

Танымжорық оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімін, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруы, табиғаттың даму заңдарын жеңіл түрде ұғындырумен қатар, идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес формасы, ол адамның рухани байлықты игеруіне көмегін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданылатын көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Танымжорық арқылы оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін айналамызды қоршаған дүниө жайлы олардың құбылыстардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білімдерінің молаюы, танымдық мүдделердің дамытылуы сияқты дидактикалық міндеттерді шешуге болады.

Танымжорық әлеуметтік психологиялық — педагогикалық тәрбие береді. Олар эстетикалық, этикалық, адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие берумен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай беруге үйретеді.

Танымжорық мақсаты — оқушылардың сана-сезімін толықтырып, ой-өрісін кеңейту үшін арналған қосымша сабақ ретінде мектеп бағдарламасында міндетті түрде өту, яғни оқушылардың сана-сезімін толықтыру, келесі сабақтарда осы өткізілген танымжорықтар жөнінде әңгімелесу арқылы олардың есте сақтау қабілетін байқау.

Белгілі педагог, әдіскер К.Г.Ягодовский XX ғасырдың басында танымжорық жүргізіудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «Танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттату емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету»,- деді. А.А.Коменскийдің пікірі бойынша «адам баласы мүмкіндігінше білімді кітаптан емөс, аспаннан, жерден, еменнен, үйеңкідөн т.б. білетін болу керек. Заттар туралы бөгде біреудің байқаулары мен куәландіруінен емес, тікелей заттың өзінен үйренетін болуы тиіс».

Табиғатқа жасалған танымжорықтың маңызды міндеттерінің бірі — табиғатты қорғау, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарау мәселелерін барынша насихаттау. Мысалы, жануларлар дүниесіне саяхат жасалатын болса, онда танымжорыққа шығар алдында аңшылардың ережесі, броконьерлермен күрес жолдары, жануарлардың, құс пен балықтардың «Қызыл кітапқа» жазылған, құрып бара жатқан түрлері таныстырылады. Мысалы, зоопаркке барған кезде оқушылар өздерін қалай ұстауға, оларды мазалауға болмайтыны айтылады. Ал өсімдіктанудан танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың құрал қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін өсімдіктерді қорғау керектігін түсіндіріп беру тиімді болады.

Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға нені бақылау керегі, яғни бақылауға алынған объектіні таңдап алуды, жинақтамаға нені жинайтыны, табиғат аясында өзін-өзі ұстауға ескертіледі. Оқушыларды бақылауға, зерттеуге үйрету үшін олардың көзіне айқын түсетін ең жақын, ең таныс жергілікті объектілерді бастаған жөн. Оқушылар табиғат құбылыстарының өзгеру, даму ерекшеліктерін өздері қатысып байқау, бақылау нәтижесінде түсінетін болса, кейін бүкіл табиғат заңдылықтарын түсіну дәрежесіне көтеріледі. Өздеріне белгілі тіршілік пен құбылысты таныстырудан бастап, соған негізден оқыту оқушылар ойының саналы түрде дамуына жағдай жасайды.

Оқушыларды төңіректегі әлеммен таныстыруды олар үшін белгілі де түсінікті және таныс мәселелерден бастау керек. Танымжорық кезінде балалар әртүрлі сұрақтарға жауап табады. Оқушының ойлау, көз алдына елестету қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Оқушы табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды. Оның көз алдында төңіректегі сұлулығы ашылады. Танымжорық бүкіл оқу жылы бойына өткізіліп тұрады, олар оқушыларды айнала қоршаған ортамен таныстырады. Танымжорық жылдың кез-келген мезгілінде өткізіле береді. Қысқы жылдың кез-келген мезгілінде оқушылар өздері күзде болған таныс жерлерін аралайды. Орман ішінде болған өзгерістерді байқайды. Неліктен қар жауатынын, шырша мен қарағайдың қыста неліктен бұрынғысынша жап-жасыл болып тұратыны жөніндегі сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап іздестіріп табады.

Қысқы танымжорық кезінде оқушылар өсімдіктерді, қыста қалатын құстарды бақылайды. Оқушылар мынадай тапсырма алады. Қысқы орман қандай болатынын бақылау және танымжорықтан кейін алған өз әсерлерін бейнелеу.

Көктемде бақ ішіне танымжорыққа шығуға болады. Мұнда оқушылар көктемнің май айында гүлдеп тұрған алма, шие, алмұрт, қызыл шие ағаштарын көреді, көктемнің белгілерін байқайды. Олардың назарын қаулап өсе бастаған шөпке, оның ашық жасыл түсіне аудару қажет. Орман ішіндегі ағаштар көктемгі сәніне енеді. Көктемгі орманның үнін, құстардың сайрағанын тыңдауға болады.

Күзгі орманға жасалатын танымжорық тапсырмалары мынадай болуы мүмкін. Күзгі букет, гербарий үшін ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жинау, танымжорықта алған өз әсерлерін жазу, өсімдік түрлерін бақылау, материал жинау және көркемдеу үшін оқушылар топтарға бөлінеді.

Танымжорыққа қорытынды жасай отырып, мұғалім табиғат байлықтары жөнінде білім қалыптастырады. Оқушылардың білім жетістіктерінен биология мұғалімінің өз білімін оқушыларға бере білуі тәрбиесіндегілерді пәнге қызықтыра білудегі үлкен еңбегі көрінеді.

Б) Экологиялық соқпақтар.

Оқушылардың экологиялық тәрбие беру жұмысында экологиялық соқпақтың да өзіндік орны бар. /15/Экологиялық соқпақтың танымдық, тәрбиелік және ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Баланы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйретеді. Экологиялық соқпақ ұйымдастыратын аймақ алдын-ала тексеріліп, ондағы табиғи жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әрбір оқушының бойында табиғатқа аяушылық сүйіспеншілік сезім, дүниетанымы қалыптасады, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдете түсуде табиғат аясының рөлі өте зор. Өйткені, табиғат аясында білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Сыныптарда оқыған, көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздөрімен көріп, олардың биологиялық және экологиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне мектеп жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақ, зоопарк, ұлттық парктер, қорықтар, табиғат ескерткіштері, тарихи ескерткіштер т.б. жатады.

Оқушылар далалық саяхат барысында табиғат объектілерімен бетпе-бөт кездесе отырып, оның өзгеру себептерімен, организмдердің көптүрлігімен, қорғауды ұйымдастыру, табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты аялау сияқты т.б. адам мен табиғат расындағы қарым-қатынасты терең сезініп оларға деген аяушылық сезімі мен жауапкершілігі арта түседі. Оның үстіне өзін табиғатта қалай ұстау керектігін, табиғат қорғау белгілері туралы, табиғатты пайдалану тәртібін, табиғат қорғау құқықтарын сезінеді.

Экологиялық соқпақты мұғалімдер ұжымы бірлесіп ұйымдастыруы қажет. Оның алдын-ала жоспары жасалып, картасымен танысып, оның бойындағы табиғат объектілері зерттелінеді. Экологиялық соқпаққа география, биология, экология, химия, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысса, ол өте жоғары деңгейде өтеді.

Экологиялық соқпақтың негізгі мақсаты оқушылардың табиғат ортадағы мінез-құлқын, этикасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру болғандықтан оның жауапкершілігі жоғары болады.

Экологиялық соқпақ негізінен саяхатшылардың 3 категориясын қамтиды:

  1. Педагогтар мен тәлімгер;
  2. Оқушылар;
  3. Табиғатты сүюші көпшілік қауым.

Әрбір экологиялық соқпақ оқушының қызығатын, әрі қимайтын орнына айналуы тиіс, Экологиялық соқпақтың ұзындығы 1,5-2 шақырымнан аспағаны жөн, егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық соқпақтың мектеп маңында болғаны жөн. Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқабында әр түрлі ландшафтар қамтылып, онда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері болуы тиіс. Сонымен бірге эколгиялық соқпақ өтетін жер антропогендік әсерлерге ұшыраған алқаптарды да қамтығаны жөн, ластанған су айдыны, қоқыс-қалдықтар, эрозияға ұшыраған жер, карьер, өртенген орман алқабы немесе дала т.б. жерлер болса, сол арқылы адамдардың табиғатқа әсеріне оқушылардың көзін жеткізуге болады.

Экологиялық соқпақ ететін жер алдын-ала тексеріліп, жергілікті шаруашылық иелерімен келісіп, шарт жасасып, заңдастырылады. Экологиялық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөлу керек, әрбір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілсе ғана оқушы табиғат алдында жауапкершілігін сезіне алады. /10,12/ Экологиялық соқпақтың оқушыларға пайдасы:

  • Пәннен алған табиғат туралы білімін толықтыруға әсер етеді;
  • Табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы экологиялық соқпақ кезіндегі алған іс-тәжірибелеріне сүйенуіне мүмкіндік алады;
  • Табиғатпен, айналадағы ортамен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде оқушылардың табиғатқа   сүйіспеншілігі, жанашырлығы,  аяушылық  сезімі,  экологиялық  санасы қалыптасады;
  • Оқушылардың табиғат байлықтарын күтіп-баптау жөнінде, оларды ұқыпты,  үнемді  пайдалану  туралы  түсініктері қалыптасады.

Экологиялық соқпақтан келгеннен кейін өз көрген білгендері, атқарған жұмыстары жөнінде шығарма жаздырып, оқушылардың табиғатқа қары-қатынасын білуге болады.

3  ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

            3.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-

                             педагогикалық негіздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. 1997 жылдың тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа заң күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол мынадай тармақтардан тұрады:

  1. I. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.
  2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарында олардың біліктілігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.
  3. 3. 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін түрде оқыту.

Қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі — жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мөн тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.

Әлөмдік ғылымдар саласында ғылыми — техникалық үрдісі әлдеқашан экология, табиғаттану табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. 

Соңғы кезде экологияны биология ғылымының саласы, бөлімі ретінде емөс, жеке ғылым тұрғысынан да қарастырып жүр.

Сондықтан әртүрлі экологиялық мәсөлелөрді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды да, әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысы туралы зерттесе, ал тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық қызметіне тигізетін әсөрін зерттейді.

Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:

«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру» — деп көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйөсінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру міндетті. Оқушыларға, студенттергө экологиялық білім және тәрбие беру проблемаларын Х\/І-Х\/ІІІ ғасырлары ұлы педагогтар: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоццы, Ф.Дистервег, А.Гумбольдт тағы басқа прогресшіл ой-пікірлері классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.

XIX ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер ететіндігіне ерөкше мән берді.

Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі — көшпенді елдің өмірінө, ата-ананың шаруашылығына бейімделгөн егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау көздерін еске ұстап, табиғаттың тепе — теңдігін сақтауға ақыл — кеңестер берген.

Халқымыздың табиғатқа дегөн сүйіспеншілігі және оның көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал — мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халақтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалану білуі тиіс.

Мектөп тәжірибесінде экологиялық тәрбиенің қажеттігі Ресей педагогы В.А.Сухомлинский балалардың бойында табиғатқа сүйіспөншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айыр бастауға болмайтынын тәрбиенің негізі деп, есептеді. «Табиғат, жер табиғаты -бұл жәй кішкентай өсетін және жер бетінде алғаш қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам — ағаштың өркен жаятын ортасы» — деп, эмоциялық тұрғыдан берген.

Профессор В.Н.Скалон «Гүлденген, бай табиғат — арман емес, бұл шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты. Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыру керек, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын» — деп айтқан.

Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылар мен педагог -ғалымдардың табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағы наным — сенімдерді қалыптастыру мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Олар табиғат арқылы жасөспірімдөрдің табиғатты қорғау, аялау, соның барысында ішкі жан сұлулығын дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру мақсат міндеттерін көкейкесті мәселе ретінде қоя білді.

Қазіргі уақытта «Экология» деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология дегеніміз — табиғатты пайдаланудың ғылыми — теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау — жалпы білім беру жүйесінің алғы шарты.

Экологиялық білім және тәрбие беруде төмендегі қағидалар басшылыққа алынады:

  1. Гуманистік қағида — адамзат қолайлы ортада өмір сүруі тиіс. Ол үшін экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа сүйенетін жер бетіндегі өмірді сақтап қала алатын, экологиялық апаттарды болдырмайтын саналы тұлғаны тәрбиелеу.
  2. Ғылыми қағида — білім беру барысында ұстаздардың табиғат пен экожүйенің даму заңдылықтарын  терең ұғындыра білуі.

3.Болжам жасау қағидасы — ұрпақтар санасына болашақ туралы ой салып адамзаттың даму жолдары туралы биолгиялық  әр  тіршілікті,  генетикалық  қорды,  адам популяциясын  сақтау жолдарын  болжауға,  негіздөуге ұмтылдыру.

4.Жалғастық қағидасы — экологиялық білім беру толассыз жүруі тиіс. Білім беру мектепке дейін де, мектептен кейін де үзіліссіз жүруі керек. Білім деңгейі әрдайым жоғарылап, тереңдеуі тиіс.

5.Жүйелендіру қағидасы — экологиялық білімді көтерудің жүйелі түрде жүруін әр түрлі тәсілдерді жан — жақты қолдана отырып, ұйымдастыру үлгісін әрдайым жетілдіре беру керек.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымының салалары экологиялық білім мен тәрбиенің ғылыми негіздерін, ұстанымдары мен міндеттерін толық анықтауға ұмтылуда. Мектептегі экологиялық білім беру әдістемелік және теориялық тұрғыдан зерттелуде.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді барлық пәндердің нақтылы мазмұнына сүйене отырып жүргізу мүмкіндіктерін зерттеу — басты мәселе. Ал, пәндерді экологияландыруда оқушыларға табиғат жайлы білім негіздерін беріп қана қоймай, әр пәннің оқушыларды қоршаған ортасын сүюге баулудағы тәрбиелік орнын, қуатын аша отырып оқыту, сол арқылы оқушының дүние танымын, эстетикалық сезімін, мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін дамытуға, яғни қоршаған ортасына қиянат жасамауға, оның заңдылықтарын ескере отырып, жаңартуға, қорғауға атсалысуына басты назар аударылады.

Табиғатқа адамзат әрекетінің күшеюі экологиялық мәселөні туындатуда. Ал оған теорияның және іс жүзінде мән берілуі — табиғат пен практиканы дамытудың қажеттілігі керек. Жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажет. Бірақ қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалуда. Сол себепті экологиялық сауатты, тәрбиелі жастарды дайындауды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр./8/  Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, мұндай жағдайлардың туындалуындағы басты себептердің бірі — гуманитарлық циклді пәндер мазмұнында әлеуметтік экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі. Сондай-ақ экологиялық мазмұндағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен байланыстылығының болмауы деп түсіндіріледі.

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселөсінің қандай да болмасын бір ғана мектеп пәні арқалы шешілуі мүмкін еместігі айқын. Шын мәнінде қоршаған ортаны қорғау идеяларының мазмұнын ашатын бірдө-бір пән жоқ. Мектептегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастыруын, зөрттелуін қажет етеді.

Қазіргі заман талабына сай мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:

І.Оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.

2.Экологиялық тәрбиені пәнаралық байланыстар негізінде іске асыру.

З.Оқу курстарының жүйесі мен өзіндік құрылымы, оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін басшылыққа алу.

  1. оқулықтағы экологиялық сипаты бар материалды іріктей білу.

Оқушылардың экологиялық тәрбиесін бағалауда /25/ іс — тәжірибеде қолданылып жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:

  1. Адамзаттық — патриоттық себеп (мотив) — табиғат байлығын байыта түсуге  ынталануы,  табиғатты  қорғауды  қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.
  2. Эстетикалық себеп — табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш алуы.
  3. Гуманистік себеп  — оқушылардың  іс  —  әрекеттері  мен қылықтарында  барлық  тіршілікті  қорғауға  ынталандыруы, жақсылық жасау, жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.
  4. Ғылыми — танымдық себеп — табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.
  5. Экономикалық себеп  -практикалық  себеп  —  табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.
  6. Гигиеналық себеп — табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну және зиян келтірмеуге тырысу.

Экологиялық білім беру қажеттілігі «адам — қоғам — табиғат» жүйесіндегі өзара әсерлесудің диалектикалық сипатынан туындайды. Қоғам мен табиғат арасынадғы күрделі қатынаста адамды, табиғатты өзгертіп әсер етуші субъект әрі сол іс-әрекетінің жағымды және жағымсыз нәтижелері өзіне қайта айналып сағатын объект ретінде қарастыру қажет. Осы екі жоқтылық пен қайшылықтың дүниеге ғылыми экологиялық, көзқарас қалыптастырудағы маңызы зор. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған экологиялық проблемалардың жинақталған  түрі  1-кестеде  келтірілді.  Кестеде  келтірілген мәселелерді әлемдік деңгейде тиімді шешу антропогендік фактордың жағымсыз әсерін азайтады, жағымды жақтарын молайтады. Кестеден  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  экологиялық проблөмаларды шешудің бір жолы екені көрінеді.

Экологиялық білім мен тәрбие мына бөліктерден тұрады:

а) адам мен табиғаттың бір- біріне әсері жөнідегі білім;

ә) жасөспірімде  экологиялық  құндылықтар  жөнінде  білім қалыптастыру;

б)  экологиялық этика қалыптастыру;

в) табиғатты білу мен қорғаудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;   

Экологиялық білім мазмұнының құрам бөліктері бір пәннің тіпті бір мектептің деңгейінде қалыптасуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде экологиялық білім берудің мынадай ұстанымдары айқындалған.

  1. Экологиялық білімді пән аралық байланысты жүзеге асыра отырып беру. Мұның әдістемелік негізі «адам — қоғам — табиғат» жүйесінің бірлігінде, жаратылыстану,  қоғамдық  және  техникалық ғылымдардың  бір  —  бірімен  байланыстылығында  жатыр.

Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен жетістіктері іске жаратылады.  Бұған қарағанда пән аралық байланысты жүзеге асыратын  экологиялық көзқарас мектепте оқылатын барлық пәндердің басын біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Осы кезге дейін жек дара жүргізіліп, әр пән өз қазанында қайнап олардың бәрін біріктіретін жетекші идеяның болағаны  белгілі.  Ендігі  жерде  жеке  пәндерді экологияландыра оқыту мен тәрбие беру үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету керек.

  1. Экологиялық білім  беруде  жүйелілік  және  үздіксіздік ұстанымдарын қолдану. Мұның мәнісі тәрбие беру адам дүниеге келген күнінен отбасында басталып, бүкір ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады.
  2. Оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету. Мұның өзі экологиялық сана және мәдениет қалыптастыру мен тығыз байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, ал бүлінуі аяныш сезімін туғызып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу. /8/
  3. Табиғатты сақтау мен  көркейтуге  байланысты  экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын алып көрсетуге байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Осы ұстанымдарға сәйкес экологиялық білім берудің бағыттары мен үлгілері қалыптасып келеді:

1.Оқушыларда экологиялық ғылыми көзқарас қалыптастыру. Ол үшін  адам  мен  табиғат  арасынадағы  қатынастардың философиялық проблемаларына көңіл аудару.

  1. Айналадғы ортаға байланысты жек аймақтарда және салаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін экологиялық білім беруге пайдалану.
  2. Жеке пәндерден берілетін  ғылым  негізін  экологиялық материалдармен толықтырды.
  3. Орта мектепте экологиядан жүйелі білім беретін арнайы пән енгізу.
  4. Экология мен басқа ғылымдардың негіздерін біріктіріп оқытатын міндетті, арнайы және факультативті курстар жасау.

Экологиялық  білім  берудің  құрамы  ұстанымдары  және бағыттарынан мынадай міндеттер туындайды.

  • Экология ғылымының негізін  құрайтын  деректерді, ұғымдарды,  заңдар  мен  заңдылықтарды,  жетекші идеяларды игеру;
  • Экологияға байланысты практикалық білімді, біліктерді және дағдыларды үйрену, оларды күнделікті өмірде табиғатты қорғауға қолдана білу, өзінің іс-әрөкетінің табиғатқа тигізетін әсерінің салдарын алдын-ала болжай білу;
  • Табиғат және оның байлығы туралы құндылықтарды нақты білу, қадірлеу және қастерлеу;
  • Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндетөрді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру, немқұрайлыққа қарсы күресе білу;
  • Айналадағы ортаны  жақсарту  іс-әрекетінің  барлық түрлеріне белсене қатынасу, табиғатты қорғау қажеттігін насихаттау;

Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы іске асыруға болады. Ол үшін жүйеге белгілі бір мазмұн, әдіс оқыту құралдаы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық ұстанымдары енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқу құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс. Бірақ олардың ішіндегі ең басты, шешуші элемент — оқылатын оқулықтың мазмұны. Қазіргі мектептерде экологиялық тәрбие беруге толық мүмкіндіктер болмай отыр. Бұл мәселеге төмендегідей фактілер қиыншылықтар келтіруде:

  1. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін пән мұғалымдеріне қажетті ұсыныс, бағдарламалардың жеткіліксіздігі.
  2. Арнайы әдістемелік нұсқаулардың болмауы.
  3. Сабақтағы экологиялық материалдардың көпшілік жағдайы сыныптан және мектептен тыс жұмыстармен байланыстың жетімсіздігі.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру жүйесінде оқушыларды экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше.

           3.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан   

                                      тыс орындалатын жұмыстар

Биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың өз қалауы мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.

Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс-шараларда да пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. /22/ Мысалы, кештерде, конференцияларда, көрмелерде т.б. іс-шараларда.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі — тәрбиелеп оқыту, жүйелі түрде дамыту.

Географиядан  орындалатын сыныптан тыс жұмыстар.

І.Топпен орындалатын жұмыстар

Жас табиғатшылар үйірмесі.

ІІ.Көпшілікпен орындалатын жұмыстар

Табиғатта жасалатын таным-жорықтар мен топсеруендер, Ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін шығару. Кампаниялар: сабан той, Бақ аптасы, құстар күні, Биология аптасы т.б.

ІІІ.Жөкеше

орындалатын жұмыстар

Тірі табиғат мүйісіндө орындалатын жұмыстар.

Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстары.

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

Табиғат — адам тәрбиешісі. Адам — адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор, өйткені  адамда  табиғаттың  бір  мүшесі. Табиғат бөлшектері: жан-жануаралар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, бәрі-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне — қуат, бойына — күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат бөреді.

Ерте замандардан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді. Табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз да сондықтан.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға заратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Біздің көбіміз күнделікті тіршілікпен жүріп, өзіміздің айнала қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте-бірте табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда біздің ғаламшарымызды келешекте адам өмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалудың негізгі бір-ақ жолы қалды. Ол — бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. Соның арқасында әрбір азамат өзі тұратын өлкенің өлі және тірі табиғатын ластап — улануына, қорының ысырап болып, шашылып — төгілуіне, көркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүзінде қарсы тұруға үлес қоса алады.

Табиғат дегеніміз — бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге табиғи тірек болып тұрған — болмыс, әлем, бар дүние. Адам баласы өмірінің, материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол — табиғат. Табиғатсыз адам жоқ. Онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды.

Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті  түрде  ештеңемен  ластанып,  уланбаған  болуы  тиіс.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары табиғат адам баласының барлық материалдық және рухани қажетін тек таза болса ғана, адам баласының қолымен ластанып — уланбағанда ғана атқара алатындығын көрсетіп отыр. өз қолымызбен ластанып уланған табиғатты өзіміз пайдалануымыз — біздің сорымз. Ол бізге жазылмас ауру, айықпас дерт әкеледі.

Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып-төгетін — адам, адам-құрайтын қоғам. Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі — туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Қорыта айтқанда, туристік білім- оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше жүргізу икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс  жасау  мен  мәселе  көтеру  дағдыларын  дамытады.

               ПАЙДАНЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Арбит А.Е. Луговьер Д.А. Фотография и киносьемка в   

      путешествий.-м., 1988ж.

  1. Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995 ж.
  2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. —

      Алматы, 2001ж.

  1. Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент,

     1999ж.

  1. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000ж.
  2. Брем Альфред Птицы.-М.,1999ж.
  3. Верзилин Н.М, Корсунская В.М. Общая методика преподавания

      биологий.-М., 1983ж.

  1. Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003ж.
  2. Вуколов В.Н.Основы төхники и тактики активных видов туризма.-

      Алматы, 1996 ж.

  1. Грин Н, Стаут У. Биология в 3-хтомах-М.1990ж.
  2. Гировка Н.Н. Туристско-рекреационные ресурсы Семиречья и

      опасные экзогенные процессы. — Алматы, 1996 ж.

  1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. — Алматы, 1989 ж.
  2. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика прөподавания.-

       Алматы, 1998 ж.

  1. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский.-Алматы, 1989 ж.
  2. Кабушкин Н.И. Менеджменттуризма.-Мин
  3. Ковшар А.Ф Мирптиц Казахстана.-Алматы, 1988 ж.
  4. Қалиүлы Б. Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 

       1993.

  1. Қайым Қ. Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995ж.
  2. Қайым Қ. Жануартану.-Алматы, 2001ж.
  3. Қасымбекова Т Тіршіліктану.-Алматы, 1993ж.
  4. Қуанышова С.Е. Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін

       танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000ж.

  1. Қуанышова С.Е. Халықтық педагогика элөменттерін биология

        сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000ж.

  1. Қуанышова. С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003ж.
  2. Остапенко В.А. Птицы и звөри в вашөм домө.-М.,1992ж.
  3. Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997ж.
  4. Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000ж.